Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда қос басшы болмайтынын мәлімдеді

Қазақстанда екіжақты билік болмайды. Бір ғана Президент сайланып, сол ғана басшы болады. Бұл туралы XII Астана экономика форумында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Осы уақытқа дейін біз халықпен тығыз жұмыс істедік, саясатымыз дұрыс болды. Мен бес рет жалпыұлттық сайлауға қатыстым, ешқашан 85%-дан кем дауыс жинаған емеспін. Тұрақтылықтың және халықпен өзара түсіністіктің арқасында біз жетістікке жеттік. Бұл — сарапшылардың, көршілердің бағасы. Ендігі саяси сілкініссіз трансформация жағдайдан шығудың дұрыс жолы деп есептеймін, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Тұңғыш Президент мандатының бітпегенін айтты. Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев Президент сайлауына қатысу мүмкіндігі туралы да пікір білдірді.

Мен әлі де жұмыс істей бере алатын едім, мені тағы да жалпы халық болып сайлайтынына 100% сеніммен бұл жолы да өз кандидатурамды ұсына алатын едім. Бірақ өзгеріс қажет. Жаңа команда инновациясын, ойын тәжірибеге енгізе алады деп ойлаймын, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Тұңғыш Президенттің айтуынша, биліктегі жаңа команданың міндеті осы кезге дейін басталған істі жалғастыру болмақ.

2050 жылға дейінгі бағдарлама сол жылға қарай біздің әлемнің дамыған 30 үздік мемлекетінің қатарына кіруіміз қажет екені туралы. Біз соған тапжылмай келе жатырмыз. Ол үшін барлық бағдарлама жасалды, іске асыруға қаржы, мүмкіндік, маман бар, Үкіметтің болашақ басшыларының жұмысы соған бағытталады деп ойлаймын. Көріп тұрсыздар ма, мен спикерлерге ыңғайсыздық келтіріп отырмын, сіздерге әуелі Тұңғыш Президентті, кейін Президентті айтуға тура келеді. Сондай жағдай. Қазақстанда екіжақтылық болмайды деп ойлаймын. Бір Президент бар және ол негізгі. Оны сайлаған кезде біз бәріміз соған қызмет етеміз, — деп жауап берді Нұрсұлтан Назарбаев модератор, Euronews журналисі Штефан Гробе қойған сұраққа.

ДереккөзZakon.kz