Қаңтар-сәуір айларында еліміздің жалпы ішкі өнімінің өсімі 4% болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.
Қаңтар-сәуірде жалпы ішкі өнімнің өсуі 4%-ға дейін өсті. Қаңтар-наурызда ол 3,8% болған еді. Серпін өңдеу өнеркәсібіндегі, қызмет көрсету саласындағы үдеумен, сонымен бірге құрылыс пен ауыл шаруашылығындағы тұрақты қарқындарға байланысты. Инфляция деңгейі жоспарланған дәлізде. Жыл басынан бері 1,8%, ал жылдық мәні 4,9% болды, — деді Үкімет отырысында ел экономикасының 1-тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндаған министр.
Оның айтуынша, инвестициялар серпіні жалпы ішкі өнімнің өсу қарқынынан асып түседі. Өсу 6,7% болды. Ауыл шаруашылығында, құрылыста және өнеркәсіпте инвестициялар айтарлықтай өсті.
Қаңтар-сәуірде өнеркәсіп өндірісі 2,9%-ға өсті. Өсу өңдеу өнеркәсібіндегі озық қарқындар есебінен қамтамасыз етілді. Кен өндіру өнеркәсібінде өсудің баяулай түсіп отыр. Өсу үш айдағы 4,8% көрсеткішке қарағанда 2,6% болды. Мұндай үрдіске негізінен мұнай өндіру серпінінің теріс аймаққа ауысуы ықпал етті. Есепті кезеңде оның көлемі 1,1%-ға қысқарды. Ал 1 тоқсанда 2,7% деңгейінде өсу болған. Төмендеу сәуір айында Қашаған кен орнында мұнай өндірудің қысқаруымен байланысты. Ол жүргізіліп жатқан жоспарлы алдын алу жұмысы салдарынан болды, — деді Руслан Дәленов.
Руслан Дәленов өңдеу өнеркәсібінде өсуге бағытталған тренд сақталып отырғанын айтты. 4 айда шығарылым 3,5%-ға дейін ұлғайды. 1-тоқсанда өсім 1,6% болды.
Өңдеу қарқынының артуына мұнайды қайта өңдеудегі, машина жасаудағы, сусындар өндірудегі өсудің үдеуі, сонымен бірге фармацевтиканың оң аймаққа шығуы әсер етті, — деді ол.