АҚШ-тағы жарылыстарды ұйымдастырған күдікті қолға түсті

Күдікті Нью-Джерси штатының 28 жастағы тұрғыны, Ауғанстан тумасы – Ахмад Хан Рахами. АҚШ азаматтығын қабылдаған Рахами жарылыс орнына жақын көшелерде бақылау бейнекамераларының назарына түсіп қалған. Оны Нью-Джерсидегі мейрамхана табалдырығында ұйықтап жатқан жерінен нысан иесі танып, полицияға хабарлаған.

Күдіктіні тұтқындау кезінде атыс шығып, екі полиция мен күдікті жараланды. Барлығы ауруханаға жөнелтілген. Еске сала кетейік, 17 қыркүйекте Манхэттен мен Нью-Джерсиде жарылыс болып, 29 адам зардап шеккен болатын. Мәліметтерге қарағанда, екі жақта қойылған бомбалар бір технология бойынша жасалған екен.

Дереккөз24 Хабар