Қазақстандық подполковник БҰҰ әскери бақылаушылары базасының командирі атанды

Аусард жауапкершілігінің аймағы 43 000 шаршы шақырымды құрайды және Оум дрегтен кейін аумағы бойынша ауқымдылардың бірі болып табылады. Ол Марокко армиясы Корольдігінің бақылауындағы аумақта тұрған Батыс Сахараның оңтүстік бөлігіндегі Берманың шығыс бөлігінде орналасқан.

Базада әр елден, яғни, Аргентина, Бангладеш, Бразилия, Германия, Гвинея, Мысыр, Йемен, Қытай, Сальвадор, Индонезия, Ирландия, Мексика, Пәкістан, Португалия, Ресей, Франция. жиналған барлығы 45 әскери қызметші бар.

Подполковник Асқар Қожағалиев миссияға 2015 жылдың 25 қарашасында 12 ай мерзімге жіберілді. Ол ҚР ҚК Әскери академиясының түлегі болып табылады. Қазақстандық бітімгершілік батальонда, Қазақстандық бітімгершілік бригадада, ҚР ҚК Құрлық әскерлерінде қызмет атқарды.