Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа қолбасшыларды тағайындады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қарулы Күштерінде бірнеше кадрлық өзгеріс жасады. Мемлекет басшысының бұл туралы тиісті өкімдері Президенттің ресми сайтында жарияланды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев "Айбалта-2019" оқу-жаттығуында. Фото: Аkorda.kz

Қазақстан Президентінің өкімімен Марат Құсайынов ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

Қайдар Қарақұлов “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол Қарулы Күштердің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

Қаныш Әбубәкіров ҚР Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды, ол “Батыс” өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

Нұрлан Алдияров “Батыс” өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды.

Қайрат Садықов Қазақстан Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды.

Серік Ысмайылов ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

Еске салайық, 3 мамыр күні Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапары барысында “Айбалта-2019” стратегиялық команда-штаб оқу-жаттығуын тамашалап, әскери техника мен қару-жарақ үлгілерін, инфрақұрылым нысандарын, пилотсыз ұшатын аппараттарды басқару пунктін аралап көрді, солдат ботқасынан дәм татты.

Біздің Telegram-каналымызға жазылыңыз!