Құрлық әскерлерінің әскери институты 85-ке толған Ким Серікбаевқа құрмет көрсетті

Институттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ким Серікбаев Кеңес Одағы Қарулы Күштері қатарында взвод командирі жауынгерлік қызметінен бастап полк командиріне дейін көтерілген. Биыл әскер саласында жүргеніне 35 жыл толды. Ол — Фрунзе атындағы академияны тәмамдаған алғашқы қазақ. Қазақстанның тұңғыш әскери доктринасын жазып, 1991 жылы Алматыдағы әскери мектеп-интернатына Бауыржан Момышұлының есімін беруге үлес қосты, ал қазір Алматыдағы Медеу ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарып жүр.

Ким Серікбаев
Фото: Құрлық әскерлерінің әскери институты

Ресей Федерациясы әскери ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ким Серікбаевты Қазақстанда ғана емес, ТМД-ға мүше елдерде де жақсы таниды. Ол 180 кітап мен ғылыми жұмыс жазған, қазір  Бауыржан Момышұлының өмірін зертеумен айналысып жүр.

Құрлық әскерлерінің әскери институтында өткен шарада Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Қарулы Күштерінің штаб басшысы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев, ардагер қызметкерлер, Алматы гарнизоны әскери бөлімдерінің командирлері, әскери оқу орындарының профессорлық оқытушылық құрамы, курсанттары және тәрбиеленушілері қатысты.