Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлімен кездесті.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Дархан Қыдырәлі Мемлекет басшысына Түркі академиясының атқарып жатқан жұмысы мен жақында ЮНЕСКО аясында Нұр-Сұлтанда өтетін Ұлы дала өркениетіне қатысты халықаралық форумға дайындық барысын мәлімдеді. Сонымен қатар ол биыл жарық көргеніне 100 жыл толатын «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің мерейтойына қатысты шығарылған кітаптарды таныстырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу соңында атқарылып жатқан істерге жоғары баға беріп, осы бағыттағы жұмысты жалғастыру үшін бірқатар нақты тапсырма берді. Түркі академиясының президенті Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларының негізгі бағыттарының жүзеге асырылу барысы жөнінде айтып, түркі әлемі мен қазіргі Қазақстан тарихына арналған бірнеше кітап пен туындыны көрсетті.