Президент сайлауына бюджеттен қанша қаржы бөлінеді?

Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына 9,4 миллиард теңге жұмсалады. Бұл туралы «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталында жарияланған Үкімет қаулысында айтылған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылға арналған республикалық бюджеттегі шұғыл шығындар үшін қарастырылған резервінен 2019 жылдың 9 маусымына белгіленген Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуге 9 404 771 000 (тоғыз миллиард төрт жүз төрт миллион жеті жүз мың) теңге бөлінсін, — делінген құжатта.

Бұл соманың 9 347 885 000 теңгесі Орталық сайлау комиссиясына, 56 886 000 теңгесі Сыртқы істер министрлігіне бөлінеді.

Құжат 29 сәуірге дейін талқыланады. Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Орталық сайлау комиссиясы Президент сайлауын өткізуге Үкіметтен 12 миллиард теңге сұраған еді. Қаржы министрлігі бұл соманы қысқартып отыр.

ДереккөзZakon.kz