Disney, Marvel, Wargaming, Turner (Cartoon Network), НВО (Home Box Office Int., Warner Bros.Entertainment), Nickelodeon және Sony Pictures Entertainment сияқты әлемдік брендтер осы ауқымды іс-шараға қатысатынын растады. Жобаның ресми сайтында билеттер сатылымға шықты.
Comic Con фестивалінің форматы алғаш рет АҚШ-та пайда болды. Ол қазір комикс әуесқойларына, киномандарға, бейнеойын, мультфильм мен сериал фанаттарына кеңінен танымал. Бүкіл әлем бойынша өтетін фестиваль — комикстердің үлкен әлеміндегі авторлардың аудиториясымен дәстүрлі түрде кездесу шарасы.
Фестиваль Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылып отыр. Қазақстандағы ұйымдастырушылар — Нұр-Сұлтан әкімдігі мен Astana Convention Bureau компаниясы. Comic Con фестивалі қазақстандықтар мен алыс-жақын шетел қонақтарын қосқанда 70 мыңға жуық адамды қабылдамақ. Шараға қатысушылар осы жылы шыққан комикстер әлеміндегі басты премьераларды көріп, суперқаһармандар костюмдерін кие алады, сүйікті әртістерімен фотоға да түсе алады.
Фестивальдің алуан түрлі мазмұнды бағдарламасы құқық иелерімен келісілген. Сонымен қатар халықаралық студиялар мен компаниялар ұсынған арнайы көрсетілімдерді, косплейлерді, жаңа топтамалар мен өнімдердің ресми таныстырылымдарын қамтиды.
Айта кететін жайт — ұйымдастырушылар фестивальге қатысуға жергілікті және шетел авторларын, баспаларды, киностудияларды, компьютер және үстел ойындарын әзірлеушілерді, косплей жасаушыларды, аниме мен манганың танымал авторларын шақырды.
Біз Қазақстанның шет-шетінен шығармашылық адамдарын фестивальге қатысуға шақырамыз. Суретші-иллюстраторлар, сценаристер мен комикс авторлары, баспалар мен косплейге қызығушылар өз жұмыстарын фестиваль стендінде көрсете алады. Мультиәлем қаһарманы болу үшін бір тапсырманы орындау қажет, ол — портфолио мен біздің әлемде қандай қаһарман болатыныңыз жайлы хат жазып жіберу, — дейді Astana Convention Bureau ЖШС Astana Events департаментінің бас менеджері Бексұлтан Әбдірахманов.
Фестивальдің ресми серіктесі – «Астана ЭКСПО-2017″ ҰҚ» АҚ.
Іс-шараның өтетін орнын «Астана ЭКСПО-2017″ ҰҚ» АҚ ұсынды.
Конкурсқа қатысу үшін өтінішті [email protected] электрон поштасына жіберуге болады.
Билеттер жобаның www.comicconastana.com ресми сайтында сатылады.