«Marvel» әлемінің комиксы бойынша түсірілген фильмдердің барлығы танымал әрі табысты кинотуындылардың қатарында. «Железный человек», «Невероятный Халк», «Первый Мститель», «Тор», «Человек-паук », «Доктор Стрэндж», «Стражи Галактики» есімдерін естігенде көз алдыңызға олардың бейнелерін елестетесіз. Бұл фильмдерді көрмеген болсаңыз да, естімеуіңіз мүмкін емес. «Marvel-дің» фильмдерінде рөл сомдаған актерлердің барлығы қазіргі уақытта әлемге «Суперқаһарман» деген атпен танымал. Қаһармандардардың рөлдерін сомдап, ғаламшарымызды қорғап жүрген батырларымыз кім болды екен?

Құдіреті күшті Тор (Могущественный Тор)

Әлемде 9 ғаламшар бар. Солардың бірі Асгард әлемі. Найзағай құдайы Тор әкесінің қаһарына ілегіп, Асгардтан қуылады. Әкесі оны барлық күшінен айырады. Өз ғаламшарынан қуылып, ол жерге келеді. Найзағай құдайы жерде өмір сүретін астрофизик қызды ұнатып қалады.

Тордың асыранды Локи есімді зұлым інісі бар. Ол таққа отыруды армандайды. Ендігі Тордың мақсаты — Локидің хан болуына жол бермеу. Себебі Локидің мақсаты ғаламшарында татулықты сақтап қалу емес, керісінше соғыс бастап барлық ғаламшарларды жаулап алу. Локи оның туған інісі болмаса да, оған үнемі аяушылық танытып, өзгелерден қорғап жүреді.

Бұл фильмге кастинг ұзақ уақыт жүрген. Себебі режиссерлер комикста сипатталған кейіпкерге ұқсайтын адамды ұзақ іздеген.

Тор

Америка капитаны (Капитан Америка)

Фильм Ұлы Отан соғысында болған оқиғаны баяндайды. Кино Гитлермен соғысқысы келетін бозбала туралы. Алғашында баланы әскерлердің қатарына қоспайды. Кейін АҚШ үкіметі «Суперқаһарманға» айналдыратын іріткіні ойлап тауып, балаға тәжірибе жасайды. Тәжірибе сәтті аяқталып, бозбала мықты әскерге айналады. Ақырында соғысқа қатысып, жеңіспен оралады. Әлемге Америка капитаны есімімен танымал болып, Американың намысын қорғағаны үшін үлкен құрметке ие болады. Кино соңында апатқа ұшырап, терең ұйқыға (кома) батқан капитан, 75 жылдан кейін бірақ оянады.

Капитан Америка

Өрмекші адам  (Человек-паук)

Өрмекші адам «Mаrvel» комиксінің ойдан шығарған кейіпкері. Ол бірден көрермен көзайымына айналып, танымалдыққа ие болады. Кейіпкердің шын аты — Питер Паркер. Әпкесі мен ағасының қолында тұратын Питер қарапайым бозбалалардан еш ерекшелігі жоқ. Бірақ саяхаттау кезінде Питерді ерекше өрмекші шағып алады да, оның қарапайым өміріне ерекшеліктер енгізеді. Питер артық күшінің пайда болғанын сезіп, ол туралы ешкімге тіс жармауды жөн көреді. Ол қолымен өрмек құрып, қабырғалармен емін-еркін жүре алатын болады. Бозбала мұндай күштің жәйдан жәй берілмейтінін біліп, оны жауыздармен күресуге қолдану керек деп шешеді.

Человек паук

Темір адам (Железный человек)

«Темір адам» көрермендердің сүйіктісіне айналған кинотуынды. Кемеңгер Тони Старк өзіне арнап темірден жасап шығарған суперкостюмі, оның суперқаһарман болуына түрткі болады. Тони Старк өзімшіл адам болғанымен, адамдарды да, планетаны да зұлымдардан қорғап жүреді.

Роберт Дауни (кіші) Голливудтағы ең табысты актерлердің бірі. «Темір адам» фильміндегі рөлі Дауниді супержұлдыз етеді. Түсірілім барысында төгілген тер, соңында үмітін ақтап шығады. Бет әлпетінің комикста сипатталған кейіпкерге сәйкес келгені үшін, осы рөлге Роберт Дауни (кіші) таңдалынып алынады.

Железный человек

Халк (Невероятный Халк)

Брюс «суперәскерге» айналдыратын тәжірибенің құрбаны болады. Себебі тәжірибе сәтсіз аяқталады. Ол ашуланғанда жасыл түсті алып құбыжыққа айналады. Ішіндегі құбыжықты сыртқа шығармай, одан құтылу үшін үнемі қашып жүреді. Дәрігер Сэмюэль Стернс оған жаңа тәжірибелер жүргізіп, құбыжық Халктен құтылуға көмектескісі келеді. Бойындағы өзгерістен арылу үшін, тіпті өзін-өзі өлтіруге дейін барады. Бірақ одан еш нәтиже шықпайды. Халкке айналған сәтінде, өзін бақылай алмайды. Оны Халктен адам кейпіне келтіру үшін талдырып тастау қажет. Ал ол бәрінің қолынан келе бермейтін дүние.

«Marvel»-дің барлық фильмдері секілді, бұл да комикс бойынша түсірілген.

Халк