«Арман картасы»

Шығарушы мемлекет: Қазақстан

Режиссеры: Мирас Төлеухан

Ұзақтығы: 96 минут

Рольдерде: Тимур Камилов, Анели Айдар, Фарема Қазақбаева, Луина, Олжас Әлжанов, Әлнұр Жұматаев, Данияр Бейісов, Серік Салқынбаев, Абылай Нұрдәулетов, Жандос Жұмағұлов

Жанры: драма

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Бас кейіпкер Әмір әкесінің байлығының арқасында ештеңеден тарықпап еді. Бір күні әкесі қамауға алынып, бар мүлкі тәркіленеді. Дымсыз қалған Әмір жаңадан өмір сүруді үйренуге болатынын дәлелдейді.

«Шазам!»

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссеры: Дэвид Ф. Сандберг

Ұзақтығы: 132 минут

Рольдерде: Марк Стронг, Джимон Хонсу, Закари Ливай, Купер Эндрюс

Жанры: фэнтези, комедия, боевик, шытырман оқиға

Жас шектеуі: 14 жасқа дейін

Сюжет бойынша Билли Бэтсон есімді жасөспірім ежелгі сиқыршымен кездескеннен кейін ересек суперқаһарманға айнала алатын қабілетке ие болады. Ол үшін «Шазам!» деп айқайласа болғаны. Бірақ жаңа суперқаһарман қаншалықты құдыретті болса да, мінезі әлі сол бала күйде қалады.

«Амундсен»

Шығарушы мемлекет: Норвегия

Режиссеры: Эспен Сандберг

Ұзақтығы: 125 минут

Рольдерде: Пол Сверре Валхейм Хаген, Кэтрин Уотерстон, Фридтьов Сохейм, Кристиан Рубек

Жанры: шытырман оқиға, драма, тарих, өмірбаян

Жас шектеуі: 12 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, фильмде жас норвег саяхатшысы полюстің адам аяғы баспаған жерлерін ашқысы келеді. Арманына қол жеткізу үшін ол отбасын да, достарын да, сүйгенін де құрбан етеді.

«Үй жануарлары зираты»

Шығарушы мемлекет: АҚШ

Режиссерлар: Кевин Колш, Дэвис Уилдмайер

Ұзақтығы: 97 минут

Рольдерде: Джон Литгоу, Джейсон Кларк, Эми Саймец

Жанры: триллер

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Сюжетте Лиус Кридтің отбасы ауылдағы үйге көшіп келеді. Олардың жаңа баспанасы жануарлар қорымының қасында орналасқан болып шығады. Бас кейіпкерлердің бірі Луис те машина басып кеткен сүйікті мысығын осы жерге жерлейді. Бірақ бұл әрекеттен кейін қорқынышты оқиғалар легі басталады.

«Линкті іздеу»

Шығарушы мемлекет: АҚШ, Канада

Режиссеры: Крис Батлер

Ұзақтығы: 95 минут

Рольдерде: Зак Галифианакис, Хью Джекман, Зои Салдана, Дэвид Уоллиамс, Эмма Томпсон, Тимоти Олифант, Мэтт Лукас, Стивен Фрай

Жанры: фэнтези, комедия, шытырман оқиға, отбасылық драма

Жас шектеуі: 6 жасқа дейін

Лайонел Фрост — аңыздарда ғана айтылатын адам көрмеген тіршілік иелерін табуды мақсат еткен зерттеуші. Ол адамзатты оның ата-бабаларымен эволюциялық жолмен байланыстыратын Линк туралы жаңалық ашпақшы. Мультфильмнің өн бойы шытырман оқиғаларға толы.

«Сирано. Премьераға үлгеру»

Шығарушы мемлекет: Франция, Бельгия

Режиссеры: Алексис Михалик

Ұзақтығы: 110 минут

Рольдерде: Тома Соливерес, Оливье Гурме, Матильда Сенье, Том Либ, Люси Бужена, Элис де Ланкесэ, Клементин Селарье

Жанры: драма, комедия, тарихи хикая

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

1897 жыл. Париж. Отызға толмаған Эдмон Ростан — екі баланың әкесі. Ол отбасын асырау үшін пьесасын жазуы керек. Бірақ оның қалам тербемегеніне екі жыл болды, ал пьесасының премьерасы жақындап қалды. Оның үстіне Эдмонның жақындары, тіпті, өзі де шығармасын уақытында бітіретініне сенімсіз.

«Папа, арам өл!»

Шығарушы мемлекет: Ресей

Режиссеры: Кирилл Соколов

Ұзақтығы: 100 минут

Рольдерде: Михаил Горевой, Виталий Хаев, Евгения Крегжде, Артём Башенин, Кіші Александр Домогаров, Александр Кузнецов, Владимир Афанасьев

Жанры: комедия

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Полицияда істейтін Андрей Геннадьевич — өте қатал әке. Кезекті ұрыстан кейін оған ренжіген қызы сүйген жігітіне шағымданады. Енді жігіт ғашығы үшін өш алмақ.