«Қазгидромет» кәсіпорны синоптиктерінің болжамына қарағанда Жамбыл, Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарында найзағай ойнап, 15-20 м/с жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі. Ақтөбе облысында жел екпіні 18 м/с-ке дейін күшейеді. Атырау облысының басым бөлігінде күндіз 15-20 м/с жел соғады, шаңды дауыл тұрады. Қарағанды облысында тұман түсіп, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Қостанай облыстарында күн тұманды болады.
Үлкен Алматы және Кіші Алматы шатқалдарында әлі де қар көшкіні қаупі бар. Алматы облысы мен Алматыға іргелес аумақтарда өзендердің деңгейі көтерілуі мүмкін.