«Профессор мен есалаң»

Шығарушы мемлекет: Ирландия

Режиссеры: Фарад Сафиния

Ұзақтығы: 124 минут

Рольдерде: Джереми Ирвин, Шон Пенн, Дженнифер Эль, Эдди Марсан, Натали Дормер, Мэл Гибсон, Стивен Диллэйн

Жанры: драма, триллер, детектив, өмірбаян

Жас шектеуі: 16 жасқа дейін

ХІХ ғасырдағы Англия. Оксфорд профессоры Джеймс Мюррей тарихтағы алғашқы ағылшын тілінің сөздігін құрып жатыр, ал оның көмекшісі —  аса қауіпті қылмыскерлерге арналған психиатриялық клиниканың емделушісі доктор Уильям Майнор.

«Зардап»

Шығарушы мемлекет: АҚШ, Ұлыбритания, Германия

Режиссеры: Джеймс Кент

Ұзақтығы: 108 минут

Рольдерде: Александр Скарсгард, Джейсон Кларк, Кира Найтли, Мартин Компстон

Жанры: драма, мелодрама, әскери

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, фильмде Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германияда болған оқиға баяндалады. Британ әскери шенеунігі Льюис Морган Гамбургтың уақытша мэрі болып тағайындалады. Оның алдында қаланы қайтадан тұрғызу, қирандының бәрін қалыпқа келтіру міндеті тұр. Морган әйелімен бірге бұрынғы жауы — неміс архитекторымен бір шаңырақ астында өмір сүруге мәжбүр болады.

«Құдайдың рақымымен»

Шығарушы мемлекет: Франция, Бельгия

Режиссеры: Франсуа Озон

Ұзақтығы: 137 минут

Рольдерде: Дени Меноше, Фредерик Пьеро, Элен Венсан, Мельвиль Пупо, Жозиан Баласко

Жанры: драма

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Фильм Лиондағы католик шіркеуінің қызметкері Бернар Прейн туралы шынайы оқиғаны баяндайды. Ол 2016 жылы балаларға қатысты азғындық жасады деп айыпталған. Картина католик лагеріндегі педофилия деректерін хронологиялық ретпен әңгімелейді.

«Пиранья балалар»

Шығарушы мемлекет: Италия

Режиссеры: Клаудио Джованнези

Ұзақтығы: 105 минут

Рольдерде: Франческо Ди Наполи, Вивиана Апреа, Маттиа Пиано Дель Бальцо, Чиро Векконье, Чиро Пеллекиа, Ар Тем

Жанры: драма, криминал

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Неапольдегі бір топ жасөспірім табысқа оңай жетуді көздейді. Олар қалағанына қол жеткізудің жалғыз жолы жергілікті мафиозиге жұмыс істеу деп түсінеді. Айтылған бұйрықты орындау үшін қаруланған жасөспірімдер Неаполь көшесіне шығады.

«Пайвакет»

Шығарушы мемлекет: Канада

Режиссеры: Николь Муньос, Лори Холден, Хлоя Роуз, Эрик Осборн, Мики Бриссон, Ромео Каррере, Джемс Макгоун

Ұзақтығы: 90 минут

Рольдерде: Марк Стронг, Джимон Хонсу, Закари Ливай, Купер Эндрюс

Жанры: триллер, қорқынышты, драма

Жас шектеуі: 18 жасқа дейін

Kinostan.kz-тің мәліметінше, сюжет ерінен айырылған ана мен оның жасөспірім қызы төңірегінде өрбиді. Үйдегі қайғылы оқиғадан кейін екеуінің ортақ тіл табуы қиындап кетеді. Әйел ахуалды өзгерткісі келіп орманда бөлек тұрған үйге көшеді. Бірақ қыз оккультизммен айналысып, зұлым аруақтарды шақырумен әуестенеді. Кезекті ұрыстан кейін қыз аруақ шақыратын рәсімді жасап, анасын өлтіруді сұрайды. Ертесіне бұл ойынан айнып қалғанымен орманнан келген тылсым күш олардың үйіне кіріп кеткен еді.