Тегін дәрі-дәрмек тізімі жыл сайын жаңарып тұрады. 2018 жылдан бастап елімізде бұрын тек ауруханадан сатып алатын кей препараттар енді үй жағдайында емделуге беріледі.
Биылғы жылы тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 130 млрд теңге бөлініп отыр. Аталған қаржының 36 млрд теңгесі вакциналарға, ал 94 млрд теңгесі тікелей рецепт бойынша дәрі-дәрмектерге жұмсалады.