Премьер-министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары аясында «Семей орманы» табиғи резерваты аумағын әуеден тексеріп, мемлекет басшысының өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру және өрттің алдын алу, орман шаруашылығындағы мәселелерді шешу жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді.
"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының автопаркі жаңа өртке қарсы техникамен жаңартылды. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.