Қасым-Жомарт Тоқаев Сұлтан Қамалетдиновті Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы қызметіне тағайындады. Тиісті Жарлық Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Елімізде отан алдындағы борышты өтеу мерзімі ұзартылмайтын болды. Бұған дейін әскерде болуды қайта 2 жылға ұлғайту мәселесі қоғамда үлкен қызу пікірталас тудырған.