Ұлттық қорғаныс университетіне жаңа басшы тағайындалды

Сұлтан Қамалетдинов 1965 жылы 12 ақпанда Ресей Федерациясының Астрахан облысында туған. 1986 жылы Ташкент жоғары танк училищесін бітірген.

Ол мұның алдында ҚР Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы қызметін Сәкен Жасұзақов атқарды. 2019 жылдың тамызында Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы жарылыстан кейін Сәкен Жасұзақовты қызметінен босатты.