Биылғы ҰБТ-да ереже бұзған 312 талапкер аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылды. Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді.
Биылғы ҰБТ кезінде 139 балл алып ең жоғары нәтиже көрсеткен үш талапкердің екеуінің нәтижесі жойылған. Үшінші талапкердің де тест қорытындысы тексеріліп жатыр.