Биыл ҰБТ ережесін бұзу 4 есе азайды

Тестілеу қорытындысы бойынша 103 мыңнан астам талапкер шекті балл жинады. Бұл қатысушылардың жалпы санының 67% құрайды. 2023 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 7% жоғары. Тестіленушілердің 51 мыңға жуығы (33%-і) шекті балл жинай алмады. ҰБТ орташа балы — 66. Биыл ең жоғары балл – 139. 3 179 оқуға түсуші 120 балдан жоғары жинады, — деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сонымен қатар ол ҰБТ-ға тыйым салынған заттарды кіргізу әрекеттері мен ҰБТ ережелерін бұзу саны біршама азайғанын мәлімдеді.

Мәселен, былтыр 756 түлек ҰБТ-ға тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысса, биыл 327 жағдай тіркелді. Бұл 2020 жылы ереже бұзуға тырысқан қатысушыларды тестілеуге жібермеу туралы норманың енгізілуі мен әрбір тестіленуші үшін фронталды камера орнатуға байланысты. Тестілеу кезінде ереже бұзғаны үшін 322 адам аудиториядан шығарылып, нәтижесі жойылды. Көрсеткіш 4 есе төмендеген. Себебі 2021 жылы аудиториядан 1 305 адам шығарылған болатын,- деді Руслан Емелбаев.