«Алтай менен Ақжайықтың арасы»: филармонияда рухани кеш өтті
Батыс Қазақстан облыстық Ғ.Құрманғалиев атындағы академиялық филармонияның камералық залында қазақ поэзиясы мен ән өнерінің өкілі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының және халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ақсұңқар Ақынбабақызы шығармашылығына арналған әсерлі ән-жыр кеші өтті.
