Мазмұнға өту
Басты бет / Push /

Елде қоқыс мәселесі ушығып тұр: 400-ден астам заңсыз полигон табылды

Қоқыс сұрыптау зауыты. Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz
Қазақстанда 2026 жылдың басынан бері 411 заңсыз қоқыс полигоны анықталды. Оның ішінде 82-сі жойылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет бойынша, экология министрі Ерлан Нысанбаевтың төрағалығымен заңсыз қоқыс полигондарын анықтау және жою мәселесіне арналған арнайы кеңес өтті. Жиында өңірлердегі рұқсат етілмеген қалдықтарды орналастыру орындарын анықтау, оларды жою және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы ғарыштық мониториң нәтижесінде анықталған қоқыс полигондарының қазіргі жағдайы мен оларды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Ерлан Нысанбаев әкімдіктерге заңсыз қоқыс орындарын жедел жою жұмыстарын күшейтіп, олардың қайта пайда болуына жол бермеу үшін бақылауды арттыруды тапсырды. Кеңесте Абай, Ұлытау және Атырау облыстарының экология департаменттері де өңірлердегі ахуал бойынша есеп берді.

Кездесу қорытындысында министр аумақтық департаменттерге мониториңді күшейтіп, алдын алу шараларын қолға алуды және ведомствоаралық ынтымақтастықты арттыруды тапсырды.