Полиция қызметкерлері, ҰҚК және бас прокуратура арнайы операция жүргізіп, Алматы мен Алматы облысында «Айшуақ-Жантүгел» ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстады.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Өскемен және Қызылордада 4-7 қаңтарда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға қатысы бар бірқатар қылмыстық топ басшылары ұсталды.
Өскеменде мемлекетке 10 миллиард теңге мөлшерінде залал келтірген бір топ адам ұсталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.