Ілмек: Қоныс той

Түркістан облысында 6 мың отбасы қоныс тойын тойлайды

Түркістан облысында биыл 97 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 6 мың отбасы қоныс тойын тойлайды. Барлық қаржыландыру көздерінен 855 мың шаршы метр тұрғын үй (5935 пәтер) пайдалануға беріледі. Бұл шамамен 100-ден астам футбол алаңының көлеміне тең. «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында құрылысы жүріп жатқан 5, 7, 9 және 12 қабатты үйлердің сапасы қатаң бақылауға алынды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Отбасы банк» басшысы 2021 жылы қанша азамат баспаналы болғанын айтты

400 мыңға жуық салымшы "Отбасы банкте" тұрғын үй депозитін ашты, оның ішінде 78 мың қазақстандық отбасы қоныс тойын тойлады.