ТүркПА ұйымының бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласының халықаралық қатынастардағы өзара сенімді нығайта түсуде маңызы зор екенін айтты.
Қазақстан ауыл және кент әкімдерін сайлауға көшеді. Содан кейін аудан әкімдері сайланады. Егер жаңа жүйе тиімді болса, бұдан да жоғары деңгейдегі әкімдер қызметке осы жүйе арқылы келуі мүмкін.
Президенттің айтуынша, жастар ағылшын тілін аз ғана уақытта меңгеріп жатыр, сол сияқты қазақ тілін үйренгісі келген адам да оны әлдеқашан біліп шығар еді.