Астанада жыл басынан бері 600-ден астам өрт болған
Астанада жыл басынан бері 635 өрт оқиға болды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлап отыр.
439 материал
Астанада жыл басынан бері 635 өрт оқиға болды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлап отыр.
Павлодар қаласындағы Малайсары батыр көшесі бойындағы 10 қабатты тұрғын үйдің лифт шахтасында қоқыс жанған.
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Бурыл ауылында екі қабатты екі пәтерлі тұрғын үйден өрт шыққан.
Астанадағы екі қабатты жеке тұрғын үйде болған өрт салдарынан қаза болған төрт баланың отбасыларына жергілікті әкімдік көмек береді.
Елордада жеке тұрғын үйден өрт шығып, төрт бала қаза болды. Тілсіз жау сөндірілді. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
2024 жылғы 15 қарашаға қараған түні Қызылорда облысы Шиелі ауданның аттас кентіндегі жанармай құю бекеті қызыл жалынға оранды.
2024 жылғы 11 қарашаға қараған түні Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында Алтын Адам көшесі бойында бір шатыр жабыны астында орналасқан азық-түлік дүкені мен дәріхананың жануы орын алды.
Алматы облысының Қарасай ауданының Көкөзек ауылында жиһаз цехына жабдықталған бір қабатты жеке тұрғын үйден өрт шықты.
Алматылық өрт сөндірушілер жанып жатқан трансформаторды сөндірді. Бұл туралы қалалық ТЖД хабарлап отыр.
Алматыда дәмхана өртенді. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Өрт оқиғалары еліміздің үш ірі қаласы мен екі облысында көбейді. Бұл туралы ҚР төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Қанат Доспаев мәлімдеп отыр.
Астананың Байқоңыр ауданында орналасқан жатақханалардың бірінде өрт болды. Бұл туралы ТЖМ хабарлап отыр.
Семейде жаңа туған шақалақты қоқысқа тастап, өртеп жіберген. Денесінің 80%-і жанып кеткен шақалақ ауруханада қаза болды.
ШҚО-дағы Зайсан ауданы, Мұқашы ауылында жалпы салмағы 600 тоннадан асатын 2000 бума шөп жанып кетті.
Қостанай облысында өрт сөндірушілер оқиға орнынан бес баланың денесін тапты. Бұл туралы облыстық ТЖД хабарлап отыр.
Қарағанды облысының аумағындағы өрт сөндірілді. Өрттің аумағы анықталып жатыр. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Қарағанды облысындағы табиғи өртті сөндіру бойынша барлық қажет шаралар қабылданып жатыр. Айыр, Шөптікөл, Қызылшілік, Атантай, Теректі елді мекендеріне қауіп жоқ.
6 қазанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру кезінде өрт сөндіруші қаза болды.
Алматы прокуратурасы 2023 жылғы 30 қарашада 13 адамның өмірін қиған жатақханадағы қайғылы өртке қатысты тергеудің аяқталғанын хабарлады.
Астанадағы дөнер жасайтын орындардың бірінен өрт шығып, газ-ауа қоспасы тарсылдаған. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.