Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарының бесінші күні қазақстан қоржыны алғашқы алтынмен толықты. Оны 77 келіде ерлер арасында өнер көрсеткен ауыр атлетіміз Ниджат Рахимов жеңіп алды. Бұл туралы Риодағы ҚазАқпарат тілшісі хабарлады.
Фавориттердің осал тұсын пайдаланып қалған Қазақстанның 22 жастағы өкілі қоссайыс қорытындысында 372 келі жинап, әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Солтүстік Кореядан күміс жүлдегер Хван Сон Ким біздің атлеттен салмақтылау болып шықты. Қола медаль...