Қазақстан Олимпиада ойындарындағы медаль саны бойынша рекорд жаңартты

Қазіргі кезде Қазақстан қоржынында 12 медаль бар. Оның үшеуі алтын. Данияр Елеусіновтің алдында Ниджат Рахимов пен суға жүзуші Дмитрий Баландин чемпион атанған еді.

Күміс медаль алғандардың қатарында балуан Елдос Сметов, ауыр атлет Жазира Жаппарқұл, боксшы Василий Левит бар. Бес қоланы дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг, үш қарғып секіруші Ольга Рыпакова, ауыр атлеттер Карина Горичева, Фархад Харки, Александр Зайчиков және әйелдер күресінен Эльмира Сыздықова еншілеген.

Енді бұған Иван Дычко, Әділбек Ниязымбетов, Дариға Шәкімованың жүлделерін қоссақ, 14-ке жетеді екен. Енді ол медальдардың қандай болатыны әзірге белгісіз. Сондай-ақ еркін күрес және таэквоншыларымызда медаль салуы мүмкін. Сондықтан бұл рекорд әлі де жаңарады деп сенеміз.

Бұған дейін Атлантада 11, Сиднейде 7, Афиныда 8, Бейжіңде 13, Лондонда 13 медаль жеңіп алған болатынбыз.

Айта кетейік, Қазақстан қазіргі кезде жалпы командалық есепте 17-ші орында тұр.

ДереккөзБАҚ