ӘЧ-2015. Әзербайжаннан келген Рахимов Қазақстанға алтын сыйлады

Фавориттердің осал тұсын пайдаланып қалған Қазақстанның 22 жастағы өкілі қоссайыс қорытындысында 372 келі жинап, әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды. Солтүстік Кореядан күміс жүлдегер Хван Сон Ким біздің атлеттен салмақтылау болып шықты. Қола медаль мысырлық Юссеф Ахмет Махмуд Мохамед Ихабқа бұйырды.

  1. Ниджат Рахимов (Қазақстан) — 372 (165 + 207)2. Хван Сон Ким (КХДР) — 372 (171 + 201)
  2. Юссеф Ахмет Махмуд Мохамед Ихаб (Египет) — 363 (162 + 201).