Елбасы Жарлығымен Қазақстанда тұңғыш рет шілденің алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып белгіленді. Осыған орай қазақтың жаны болып табылатын халықтық аспаптың құрметіне арналған мерекелік шаралар Батыс Қазақстан облысында да кеңінен оздырылды.
Жуырда Алматы қаласындағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында күй өнерінің «Төремұрат» атты дүбірлі кеші өтті. Ұйымдастырушысы, әрі басты кейіпкері – Сабира Бибатырова.