Бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі 20%-ға өсіріледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.
Енді бала тууына берiлетін жәрдемақыны бір ғана өтінішпен рәсімдеуге болады, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Былтыр аналарға 62 255 теңге тағайындалса, биыл ол 66 621 теңгеге өсті. Ал төрт немесе одан да көп балаңыз болса, 111 035 теңге мемлекет қазынасынан бөлінеді.
Сондай-ақ 1 жасқа дейінгі бала күтіміне төленетін жәрдемақы да...