Цон орталық тіркеу

Бала өмірге келген сәттен бастап ата-анасының бірі біржолғы жәрдемақы алуға және бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерге қақысы бар. Енді бұл жәрдемақыларды «Азаматтарға арналған» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистерінде электрондық үкімет порталы арқылы бір ғана өтініш беріп ресімдеуге болады.

«Азаматтарға арналған» мемлекеттік корпорациясының филиалы – ЗТМО директорының орынбасары Серікхан Сабыржановтың айтуынша, ата-ананың электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, «Connection point» өз өзіне қызмет көрсету секторларында немесе үйде отырып-ақ аталған жәрдемақыларға өтініш беруге болады. Электрондық үкімет порталы арқылы берілген өтініш жәрдемақы тағайындау туралы шешім қабылдайтын Зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа автоматты түрде жіберіледі. Бұрын бұл қызметті алу үшін азаматтар аталмыш жәрдемақыларды тағайындауға қатысатын барлық мемлекеттік органдарға өзі баруы қажет болатын.

Айтпақшы, бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерді өз бетінше формула арқылы есептеуге де болады. Ай сайынғы төлем көлемі соңғы 24 айдағы орташа айлық кірісті 0,4 – кірісті алмастыру коэффициентіне көбейту арқылы анықталады. Мысалы, соңғы екі жылдағы орташа айлық табысыңыз 60 мың теңгені құраса, онда ай сайынғы төлем көлемі 24 мың теңгені құрайды. Ал жұмыссыз аналарға төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем мөлшері бірінші бала үшін 5,76 АЭК, екінші бала үшін 6,81 АЕК, үшінші бала үшін 7,85 АЕК және төртінші бала үшін 8,90 АЕК-ті құрайды. 2016 жылы біржолғы жәрдемақы көлемі бірінші, екінші және үшінші балалар үшін 31,41 АЕК және төртінші бала үшін 52,35 АЕК-ті құрайды.

Жыл басынан бері мемлекеттік корпорация арқылы 116 мың бала тууына берілетін жәрдемақы және бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемақы тағайындалған, оның ішіндегі 656 жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдер электрондық портал арқылы тағайындалған.

8 пікір

  1. Уақытша мектепте жұмыс жасаймын , жұмыс өтілім 4-жыл , декреттік ақы төленеме және жалақыдан 40 пайызы жәрдемақыға қосылып төленеме?

  2. Сәлеметсіздерме! Мен жұмыссыз анамын. Күйеуім де тұрақты жұмысы жоқ. 3-шы бадамды босандым. Сонда оған шығатын жургек пұл қанша? және қандай сайтка жібере аламыз өтінішті? ?

  3. Мен осы уақытқа дейін жұмыс жасамағанмын. Жұмыс жасамасамда мемлекеттен декретный ала аламын ба? Жауап күтемін…

  4. Саламатсызба мен 5ші баламалы дүниеге əкелдім.Маған қанша жөргек пұл қанша,1жылдық жәрдемақы қанша беріледі.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!