26 наурыз Арал теңізі, Әмудария мен Сырдария өзендерінің халықаралық күні болады
Қасым-Жомарт Тоқаев 26 наурызды Арал теңізі, Әмудария мен Сырдария өзендерінің халықаралық күні деп жариялады.
15 материал
Қасым-Жомарт Тоқаев 26 наурызды Арал теңізі, Әмудария мен Сырдария өзендерінің халықаралық күні деп жариялады.
Кіші Аралдағы су көлемі 23 миллиард текше метрге дейін артты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Арал теңізінің табанына 53 млн сексеуіл көшеті егіледі. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлап отыр.
Су ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Аралды сақтау жобасының алғашқы кезеңінің нәтижесін жариялады.
Арал — Қызылорда облысындағы Арал ауданының әкімшілік орталығы. Бұл қаланың атақ-даңқы балық шаруашылығы өркендеуімен тығыз байланысты. 90-жылдары Арал теңізі деңгейі төмендеп, содан бері экологиялық апатты аймаққа айналған.
Қызылорда облысының шаруалары су үнемдеу технологияларын енгізудің нәтижесінде 200 миллион текше метрге жуық су үнемдеді. Бұл су Арал теңізіне жіберілді.
Биыл кейінгі бес жылда алғаш рет вегетация кезінде Арал теңізіне су жіберу жоспары 100%-ке жуық орындалды. Жалпы 977 миллион текше метр су жіберілді.
Қазақстан мен Оңтүстік Корея мамандары теңіз табанына 2 жылда 5 миллион түп сексеуіл екті. Корея бұған 1,7 миллион доллар қаржы бөлді.
Аралды құтқарушы мемлекеттер басшылары суаруға суды үнемді пайдалану мәселесін талқылады.
Президенттің айтуынша, Аралды құтқару халықаралық қорының шарттық-құқықтық базасын жетілдіру қажет.
Түрікменстанда Аралды құтқару халықаралық қорына құрылтайшы мемлекеттер жиналып, теңізге қатысты түйткілді мәселелерді талқылайды.
Алматыда режиссер Жаннар Шораеваның «Ақырғы теңізге» атты фильмнің тұсаукесері өтті.
Әлемнің 15 елінен келген экологтар Алматыда бас қосып, Елбасы мақаласын талқылайды. 200-ден астам ғалым өсімдіктер қорын ұтымды пайдаланудың мәселелерін алға қойып отыр.
География институтының табиғатты қолданудағы мәселесі бөлімінің жетекшісі Андрей Птинчиков Ташкент тілшісіне берген сұхбатында Арал теңізінің құру қаупі жоғары екенін айтты.
Арал теңізі не үшін құрғап кетті? Оны қалпына келтіруге бола ма? Аралдың экологиялық жағдайы қандай? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын инфорграфикамен беруге тырыстық.