Адамдар сырқатты тезірек емдеймін деген үмітпен дәріханаға жүгіріп, тұмаудың алғашқы симптомдарында (дәрігердің кеңесінсіз) антибиотик сатып алады. Бұл қаншалықты дұрыс? Бүгін біз "антибиотиктерді неліктен өз бетімен тағайындауға болмайды?" тақырыбында әңгіме өрбітпекпіз.
Ғалымдар болашақта "постантибиотиктік кезең" туындайды деп жар салуда. Олардың айтуынша, вирустар мен инфекциялар эволюция кезеңінде екен. Бұлай кете берсе не болады? Антибиотиктер әсер етпей қалса не болмақ?