Ахметжан Есімов туралы жаңалықтар

ЭКСПО кешені дайын болды (Фото)

ЭКСПО кешенінің ашылуына тура бір ай уақыт қалды. 10 тамызда Астанада халықаралық мамандандырылған EXPO-2017 көрмесі өз жұмысын бастайды.

Ахметжан Есімов: ЭКСПО компаниясы бюджетке 25 млрд теңгені қайтаруды жоспарлап отыр

Демеушілердің қаржысы мен демеуші тарту жұмыстарын ескере отырып "Астана-ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы бюджетке 25 миллион теңгені қайтаруды жоспарлап отыр.

Алғашқы 5 мемлекет Астанадағы ЭКСПО аумағындағы павильондарға ие болды

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов дүйсенбі күні халықаралық көрмеге қатысушы 5 мемлекетке, атап айтқанда Қытай, Франция, Германия, Венгрия және Түркияға алғашқы павильондарды тапсырды.

Президентке Ахметжан Есімов «ЭКСПО-ны желіде жамандайтындар азайды» деп мақтанды

Бүгін президент ЭКСПО қалашығына күллі кабминді жинады. Әуел баста көрме туралы өрбуі тиіс әңгіме, Астананың проблемаларына келгенде қызды. Елордада отырып, әлі күнге «сасық ауа» жұтып отырмыз деген Назарбаев Астана әкімін сыбап алды. Есілдің иісі ...

Есімов «Экспоның» басты ғимаратын «Нұр әлем» деп атауды ұсынды

Осы жерде «Астана Экспо-2017» ұлттық компаниясының төрағасы Ахметжан Есімов басты нысанға 3 бірдей атын ойластырып келіпті. “Осындай ұсыныс тастайын деп отырмыз. Шарды «Нұр әлем», «Нұрлы әлем», немесе «Әлем нұры» деп атасақ”, – дейді «Астана Экспо-2017»...