Шығыс Қазақстан

Шығыс Қазақстан Республикамыздағы экономикалық аудандар арасында ауданы жағынан ең кішісі.Аудан: 283 мы, км2, халқы 1442 мың адам.

Шығыс Қазақстан аумағында, әсіресе Кенді Алтайда минералды ресурстардың қомақты қоры шоғырланған: мырыш, қорғасын, титан, магний, алтын, күміс, мыс (Николаев) темір және сирек металдар. Оңтүстік Алтай мен Қалба жотасында қалайы, вольфрам кен орындары кездеседі.

Аудан аймағында отын ресурстары жеткіліксіз болғанымен соңғы кезде Қаражыра тас көмір кені (қоры 1 млрд тонна) және жанғыш тақтатас кені анықталып игеру жұмыстары жүргізілуде. Зерттеушілердің анықтауы бойынша Қаражыраның көмірі ауданды толық қамтамасыз ете алады деп болжауда.

Құрылыс материалдарынан: құрылыс тасы, гипс, әктас, минералды бояулар кездеседі.

Бірақ ауданның жалпы жерінің 80%-ы ауыл шаруашылығына жарамды, басым түрде мал жайылым жерлері. Орталық ауданға қарағанда Шығыс Қазақстанның агроклиматтық жағдайы бірішама қолайлы. Суармалы егіншілік тек қана оңтүстік батысындағы құрғақ далалы жерлерде тараған. Ауданның қалған жерлерінде ылғалмен жылу жеткілікті. Алтай мен Тарбағатайдың етектеріндегі қара топырақпен қара қоңыр топырақ суармай егін егуге жарамды.

Шығыс аудан су ресурстарымен жақсы қамтамасыз етілген ауданға жатады. Қатын жотасындағы ауданы 890 км2 болатын мұздықтан бірнеше өзендер бастауын алады. Ең ірі су магистралы салаларымен косып есептегендегі Ертіс өзені. Көлдер көп болғанымен балық өнеркәсібінде маңыздылығы бар көлдерге Зайсан, Марқакөл, Алакөл және Сасықкөл соңғы екеуі Алматы облысымен шекаралас орналасқан. Солтүстік батысындағы көлдерде, кәдімгі ас тұзының мол қоры бар. Шығыс Қазақстан су энергетика ресурстарына бай аудан болып есептеледі. Республикамыздағы су қорының 2/3 осы ауданда. Сондықтан да отын ресурсының жетіспеген бөлігін көбінесе осы су ресурсымен толықтырады. Негізгі су ресурсы бар өзендерге Ертіс оның салалары Бұқтырма, Күршім, Үлбі, Нарын өзендері жатады. Ертіс өзенінде мемлекетіміздегі ең ірі Бұқтырма (сыйымдылығы 50 км2) және Шүлбі, Өскемен су қоймалары салынған.

Өсімдік жамылғысы табиғат жағдайының ерекшелігіне байланысты алуан түрлі. Тау беткейлерінде, әсіресе биік тауларында майқарағай, балқарағай, шырша, қарағай, самырсын өседі. Жалпы орманды алқаптың ауданы 3,6 млн га.

Шығыс Қазақстан аумағы рекреациялық ресурстарға бай аймақтың бірі. Алтайдың әсем табиғатын туристік мақсатта пайдаланып келе жатқанына бірнеше ондаған жылдар өтті.

Халқы. Шығыс Қазақстан ерте замандардан бері халық қоныстанған жер. Оған Алтай тауындағы, Зайсан ойысындағы және Саур мен Тарбағатай жоталарындағы ежелгі қазба жүмыстарының ошақтары, суармалы егіншілікке арналған каналдар, ежелгі қалалардың орны дәлел болады.

Халқының саны жағынан экономикалық аудандар арасында соңғы орында, еліміздің 11 %-ға жуық халқы тұрады. Аудандағы 10 қаламен, 26 кентте халықтың 59%-ы тұрады. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2-ге 5,1 адамнан келеді. Тығыз қоныстанған жеріне солтүстік батысындағы тау етегі және кенді Алтай аңғарындағы өнеркәсібі дамыған қалалар жатады. Кенді Алтайдағы қала мен кенттердің, ауылдардың көп шоғырлануына пайдалы қазба-лардың мол коры әсер етті.

Аудандағы негізгі ұлт өкілдеріне қазақтар, орыстар және 16 мыңдай Украиндар, 3 мыңнан көбірек немістер, 1,5 мыңдай кәрістер және басқа ұлттар жатады. Экономикалық аудандармен салыстырғанда, жұмыс істейтін халқы бойынша Шығыс Қазақстанның үлес салмағы республика бойынша ең жоғарғысы, жалпы халықтың 92,7% экономикалық белсенді халыққа жатады. Жұмыссыздар басқа аудандарға қарағанда ең төменгі дәрежеде 7,3%.

Шаруашылық географиясы. Шығыс Қазақстан экономикасының қарқынды дамуы көбінесе кенді Алтайға байланысты. Бұл жерде кешенді түрде пайдалы қазбалары мен су энергия ресурстары игерілуде. Темір және автомобиль жолдарының салынуы, мал шаруашылығына қолайлы жайылымдардың пайдаланылуы, құнарлы топырақты жерлердің дөнді және техникалық дақылдарға пайдаланылуы экономикасының дамуына әсер етті.

Шығыс Қазақстан Республикамыздағы маңызды түсті металлургия орталығы. Негізгі салалары қорғасын және мырыш өндіру және энергияны көп кажет ететін титан және магний. Өндірістің негізгі орталықтары Зрян, Риддер, Өскемен қалаларында шоғырланған.

Шығыс Қазақстандағы ірі және орташа 80 кәсіпорын орналасып өнеркәсіп өнімінің 70 %-ын өндіреді.

Шығыс Қазақстанның түсті металлургиясы арзан эелектр энергиялық ресурсының базасында дамуда. Ең ірі электр станциясына Шұлбі СЭС-і, (702 мың кВт), Бұқтырма СЭС-і (675 мың кВт) және Өскемен СЭС-і (334 мың кВт). Сонымен бірге Ертіс өзенінің салаларында да салынған кіші су элктр стансалары бар. Шығыс Қазақстанның энегиясы көршілес экономикалық аудандарға да беріледі.

Түст металлургиямен- аспапконденсатор және тау-кен өндірісіне құрал жабдық шығаратын машина жасау кәсіпорны, сонымен бірге күкіт қышқылын, лак бояу, платмасса өнімдерін шығаратын химия өнеркәсібі тығыз байланыста жұмыс істейді.

Қазақстандағы негізгі орман қоры Шығыс Қазақстанда болғандықтан ағаш өңдеу салалары дамыған.

Аудан экоомикасындағы негізг орындардың бірін агроөнеркәсіп кешені алады.

Ауыл шаруашылығындағы басты сала мал шаруашылығы.Ауыл шаруашылық өнімдерінің 2/3 бөлігін береді.

Ауданның жоғары биікт орналасқан аймақтарына марал өсіру заңды құбылыс. Сонымен бірге жылқы өсіріледі, ауданның кейбір жерлерінде шошқа өсіріледі.

Аудандағы өсімдік шаруашылығына көп салалы болып келеді.Бидай, қыша, арпа, күнбағыс және бау-бақша өнімдері егіледі.Басты егін шаруашылығы-астық тұқымастар.

Шығыс Қазақстанда 36 қала мен кенттер бар. Олардың дамуы пайдалы қазбалардың игерілуімен байланысты.

Өскемен (305 мың адам). Кенді Алтайдың ірі өнеркәсіп және көлік торабымен Шығыс Қазақстан облысының орталығы.

Қаланың іргесі 1720 жылы Ертіс пен Үлбі өзенінің түйіскен жерінде бекініс ретінде салынған. 30-40-жылдан кейін бекініс ретіндегі рөлі ма-ңыздылығын жойып уақыт өте сауда орталығы және өзен арқылы жүк тасымалдаудағы рөлі арта бастады. Кенді Алтайдың табиғатын, пайдалы қазбаларын зерттеу Өскеменнен басталғандықтан халық арасында «Кенді Алтайдың қақпасы» деп аталды. Осы жер арқылы Монғолия және Қытай жеріне сауда жолдары өткен. Кейінірек Өскемен порты арқылы негізінен кен концентраты Ертіс өзені арқылы Барнауыл және Орталық Ресей аудан-дарының металлургия зауыттарына жөнелтілді. XX ғасырдың алғашқы жылдарында қазақстандық Алтай негізгі алтын өндірісінің орталығына айналды.

Қазіргі Өскемен түсті металлургияның ірі орталықтарының бірі. Қаладағы қорғасын-мырыш комбинаты Алтайда өндірілетін қорғасын мен мырыштың негізгі бөлігін балқытады. Комбинатта алтын, күміс, кадмий, тантал, теллур балкытылады. Комбинаттың негізгі энергия көзі Өскемен және Бұқтырма СЭС. Қалаға жақын маңда титан-магний комбинаты жұмыс істейді.

Бұлардан басқа қалада металл өңдеу және машина жасау кәсіпорындары, тамақ, жеңіл жөне ағаш өңдеу өнеркәсіптері бар. Сонымен бірге тігін және жиһаз фабрикасы мен жібек матасын шығаратын комбинат жұмыс істейді. Республикамыздағы ғылыми-техникалық орталыктардың бірі республикалық Ғылым академиясының филиалында тау-кен металлургия және жобалау ғылыми-зерттеу институттары жұмыс істейді.

Семей (297 мың адам). Шығыс Қазақстандағы екінші ірі қала. Ертіс өзенінің екі жағалауында орналасқан өзен порты, іргесі 1718 жылы қаланған. Қала Монғолия, Қытай, Сібір және Орта Азиядан келетін сауда жолының үстінде орналасып жүк айналымында негізгі рөлді атқарған. Сібір мен Орта Азия арасында сауда айналымының 1/4-і Семей арқылы өткен.

XIX аяғында кеме қатынасы орнап өзен портына айналды. Қазіргі Семей, Өскеменге қарағанда жеңіл және тамақ өнеркәсібінің орталығы. Астана, Алматы, Шымкент қалалары сиякты халық тұтынатын тауарларды көп шығаратын қалалардың бірі.

Қалада ет комбинаты, жүнді бастапқы өңдейтін кәсіпорындар, шұға комбинаты, жүн, аяқ киім, тігін, тоқыма және шұлық фабрикалары бар. Машина жасау өнеркәсібіне станок жасау, электр-кабелі мен арматура шығаратын зауыттар және тамақ өнеркәсібіне қажетті құрал жабдық шығаратын кәсіпорындар жұмыс істейді.

Риддер (62 мың адам). Үлбі өзенінің жоғары ағысындағы Иваново жотасының етегінде орналасқан.

Іргесі 1768 жылы Риддердің полиметалл кенорнын ашуына байла-нысты қаланды. Кейінірек кенорны игеріліп бүкіл Шығыс Қазақстанды полиметалл кенімен қамтамасыз ете бастады.

1941 жылы каланың аты Лениногорск деп өзгертілді. Тек 2000 жылы ғана қаланың бұрынғы атауы қайта берілді.

Қазіргі таңда қорғасын, мырыш және басқа металдарды балқытуы бойынша 2-ші орында. Қалада толық циклді тау-кен металлургия кешені жұмыс істейді. Қорғасын, мырыш және алтын кендері өндіріледі. Қаланың негізгі тұрғындары кеншілер, металлургтер, құрылысшылар. Әйел адамдардың дені жеңіл және тамақ өнеркәсібінде, әсіресе қаладағы тігін және тоқыма фабрикаларында жұмыс істейді. Қала маңында демалыс үйлері орналасқан.