Каско алған жүргізуші неден ұтады?

Amanat сақтандыру компаниясы
Иллюстрация: Dribbble.com ©Pablo Samulyak

Көлік қазіргі заманда байлықтың, дәулеттің белгісі емес, күнделікті өмірге қажет құрал. Оны күтіп-баптау, қауіпсіздігін ойлау өте маңызды. Себебі аяқасты көліксіз қалсаңыз, берісі жолдан қиналасыз, арысы ақша табуға көмектесіп жүрген серігіңізден айрыласыз. Сондықтан ертеңгі күнді ойлап, болуы мүмкін-ау деген қатерлердің алдын алу қажет-ақ. Мұндайда көмекке келетін құралдардың бірі «каско» деп аталады.

1. Каско деген не? Оның міндетті автосақтандырудан қандай айырмашылығы бар?

Автокөлікті сақтандырудың басты екі түрі бар: каско және міндетті автосақтандыру. Міндетті автосақтандыру сіздің басқа жүргізушінің алдындағы жауапкершілігіңізді ғана қамтиды. Алда-жалда жол апаты болып, оған сізді кінәлі деп тапса, сіз бір кезде қызметіне жүгінген сақтандыру компаниясы осы міндетті полис бойынша зардап шеккен адамның шығынын өтеуге ақша береді. Ал көлігіңізді өз ақшаңызға жөндетесіз.

Касконы ерікті түрде сатып аласыз. Ол сіздің көлігіңізді сақтандырады. Каско тек жол-көлік оқиғаларымен шектелмейді: көліктің есігіне сызат түсіріп алу мен әлдебір затқа соғып алғаннан бастап оның ұрлануы немесе өртеніп кетуіне дейінгі алуан қатерлерді қамтиды. Жөндеуге қаражат құртпайсыз, мұның бәрін сақтандыру компаниясы өтеп береді.

2. Касконы қайдан сатып алуға болады?

Касконы сақтандыру ұйымдарынан алуға болады. Біз жүргізуші үшін нарықтағы ең қолайлы және тиімді ұсыныстардың бірін беретін Amanat компаниясын қарастырып көрейік.

Amanat мамандарының айтуынша, бұл компания ұсынатын касконы тәуліктің кез келген уақытында қайда жүрсеңіз де, пайдалана аласыз. Алайда басты артықшылығы бұл емес.

Amanat әзірлеген каско Қазақстан нарығында алуан қауіп-қатерлерді қамтитынымен ерекшеленеді. Басқаша айтқанда, компанияның клиенті көлігін өрт, жарылыс, жол-көлік оқиғасы, табиғи апат, ұрлық, автокөліктің бөгде заттан зақымдануы, соғылуы, үшінші тараптың заңсыз әрекеті, жолдың бұзылуы, жануарлардың көлік астына түсуі, су тасқыны сияқты кем дегенде 17 қауіпті жағдайдан сақтандыра алады.

3. Басқа сақтандыру компанияларымен салыстырғанда Amanat каскосы қандай ерекшелікке ие?

Мәселен, көліктің оптикасы бүлінсе не оңай алынатын бөліктері тоналса, тасымалдау кезінде бұзылса, өздігінен өртеніп кетсе немесе лаңкестік әрекеттен көлікке залал келсе, Amanat бұл шығындарды өтеп береді.

Көлігіңізді қылмыскерлер ұрлап кетсе, алайда кілті мен құжаттары ішінде қалып қалса, тіпті, көлік күзетілмейтін тұраққа қойылса да, компания шығынды өтеуден бас тартпайды.

Көліктің алдыңғы әйнегіне тас тиіп зақым келсе, шығын ешқандай шектеусіз өтеледі.

Көлік мұз астына түсіп кетсе немесе дұрыс жұмыс істемеуінен, жөнделмегенінен өрт пайда болса, өздігінен қозғалғанда зақым келсе, сыртқы бояуы бүлінсе, сызат түссе, Amanat бұл шығындарды өз мойнына алады.

Барлық төлемді қажет құжаттың бәрі дайын болғаннан кейін екі күн ішінде алуға болады. Amanat аз құжат талап етеді және оны жинауға өзі көмектеседі.

Келісімшарт бұзылған жағдайда компания жасырын ақша ұстап қалмайды. Ал клиент полистің белгілі бөлігін ғана пайдаланса, қалған ақшасы қайтарылады.

Жоғалған жағдайда клиентке көлік құнының 95%-і төленеді.

4. Компания сервисі, жеңілдіктер мен қосымша ұсыныс

Amanat-тан каско сатып алған адам эвакуатор қызметін және техникалық қосымша көмекті пайдалана алады. Бұл сервис аясында эвакуаторды жол-көлік апаты болмаса да, яғни көлік жай бұзылып қалса да, шақыртуға болады. Ал техникалық көмек бойынша компания мамандары келіп, дөңгелекті үрлеп немесе қосымшасына ауыстырып береді, отырып қалған аккумуляторды қуаттайды, жолда жанармай таусылып қалса, бес литрге дейін құйып береді.

Жол-көлік оқиғасына болса, компания такси шақыртып бере алады.

Amanat ұсынатын касконы бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады.