Қазақстанда ерлердің өмір сүру ұзақтығы — шамамен 72 жыл

Не болды?

Қазақстанда ерлердің өмір сүру ұзақтығы — шамамен 72 жыл. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мәлімет

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарғанда, еліміздегі ерлердің орташа жасы — 31,1 жас, ал өмір сүру ұзақтығы — 72,19 жыл.

Жас айыммашылығына қарай ерлердің үлесі:

  • 0-15 жас — 30,2%;
  • 16-60 жас — 56,5%;
  • 61 жас және одан жоғары — 13,3%.

Қазақстанның қай аймағында ерлер көп?

Ерлер көп өңірлер:

  • Алматы — 1,1 млн;
  • Астана — 785,4 мың
  • Түркістан облысы — 1,1 млн;
  • Алматы облысы — 806,5;

Контекст

Естеріңізге салайық, елімізде денсаулыққа зиян еңбек жағдайында жұмыс істеген азаматтар 50 жаста зейнетке шыға алады.