Астанада мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды

Астанада қатты желге байланысты 12 наурызда барлық мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюіне) байланысты 2026 жылғы 12 наурызда 0–11 (12) класс оқушылары және колледждердің 1–2 курс студенттері (9 класс негізінде) бірінші ауысымда қашықтан оқу форматына ауыстырылады, – делінген білім басқармасының хабарламасында.