Не болды?
Еркебұлан Тоқтар Нию-Йорктегі атақты Madison Square Garden аренасында жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ол өз парақшасында мәлімдеді.
Мәлімет
Madison Square Garden аренасында Майк Тайсон бірнеше рет нокаут жасап, жеңіске жеткен. Мұхаммед Әли мен Жо Фрейзер арасындағы тарихи жекпе-жек те дәл осы MSG-де өткен. Қазақстанның даңқты боксшы Геннадий Головкин (GGG) де мұнда әлемдік деңгейдегі жекпе-жегін өткізген.
Анықтама
Madison Square Garden (MSG) — АҚШ-тың Нию-Йорк қаласында орналасқан, әлемдегі ең әйгілі ареналардың бірі. Ол тіпті The World’s Most Famous Arena (әлемдегі ең атақты арена) деген атауға ие.
Еркебұлан Тоқтар — Қазақстанның аралас жекпе-жек жұлдызы, актер. Ол соңғы жекпе-жегін 27 желтоқсанда Ташкенттегі «Хумо Аренада» өткізді. Өзбекстандық Тимур Никулинді алғашқы раундта техникалық нокаутпен жеңді.
