Абай облысының Көкпекті ауданында полиция қызметкерлері қасқырды заңсыз атып алған 28 жастағы азаматты анықтады.
Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам арнайы рұқсат қағазынсыз аң аулаған. Осылайша ол жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аңшылық қағидаларын бұзған.
Аталған дерек бойынша құқық бұзушыға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері оған аң аулау ережелерін сақтауға қатысты ескерту жасап, заң талаптарын түсіндірді.
