Еліміздегі тағы екі футбол клубы жекеменшікке сатылады

Не болды?

Еліміздегі тағы екі футбол клубын жекеменшікке сату жоспарланып отыр. Қазір келіссөздер жүріп жатыр. Бұл туралы туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәжілістен кейін журналистердің сұрағына жауап бергенде мәлімдеді.

Мәлімет

Оның айтуына қарағанда, еліміздегі 14 кәсіби футбол клубының бесеуі жекеменшікке сатылып кеткен. Енді тағы екеуін сатып алатын кәсіпкерлермен келіссөз жүріп жатыр.

Клубты сатып алған адам футбол клубының жанынан балалар академиясын ашуы керек. Бұл талапты президент қойған.

Кәсіби футбол клубтары 2026 жылғы наурызға дейін толық жекеменшікке өтеді деп жоспарланып отыр.

Контекст

Естеріңізге салайық, кәсіпкер Тимур Турлов «Шахтёр» футбол клубын 50 миллион теңгеге сатып алған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да