Тоқаев Ақордада Финляндия президентін қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында Финляндия президенті Александр Стуббты салтанатпен қарсы алды. Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр.

Ақорданың мәліметінше, бұл – Александр Стуббтың президент ретінде елімізге жасаған алғашқы ресми сапары.

Мемлекет басшылары бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Нью-Йоркте кездескен болатын, — делінген хабарламада.

Суоми Қазақстан экономикасына 2005 жылдан бері жарты миллиард долларға жуық инвестиция салған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да