Ауа райына байланысты 3 облыста республикалық жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста республикалық маңызы бар үш автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады.

Жетісу облысында — жалпы ұзындығы 100 шақырым бір автожол (шектеулі көрініс, боран)

1. Үшарал-Достық, Көктума бекетінен-Достық бекетіне дейін (барлық көлік үшін)

Қостанай облысында – жалпы ұзындығы 83 шақырым бір автожол (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)

1. «Жезқазған-Петропавл»-Ұлытау обл. шек.-Арқалық қ. (көліктің барлық түрі үшін)

Ұлытау облысында – жалпы ұзындығы 115 шақырым бір автожолда (екпінді жел, ауа температурасының төмендеуі)

1. «Жезқазған-Петропавл»-Ұлытау к.-Қостанай обл. шек. (барлық көлік түрі үшін).

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп ұстауға 387 бірлік техника және 796 жолшы жұмылдырылды.