Жеті облыстағы республикалық жолдар жабылды

Жеті облыста республикалық маңызы бар автожолдардың тоғыз учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола облысында – бір учаске

  1. «Екатеринбург-Алматы» 1 292-1 353 км, Жібек жолы ААП-гр.Қарағанды обл. шек. – 61 км.

Ақтөбе облысында – бір учаске

  1. «Самара-Шымкент» 1 153-1 240 км, Ырғыз а.-Қызылорда обл. шек. – 87км.

Жетісу облысында – бір учаске

  1. «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма ст.-Достық ст. – 100 км.

Қарағанды облысында – үш учаске

1.«Екатеринбург-Алматы, Солтүстік Шығыс айналма жолы» 0-16 км, Пришахтинск а.- Новостройка а. – 16 км.

2.«Екатеринбург-Алматы» 1 353-1 426 км, Ақмола обл. шек.-Теміртау ААП – 73 км.

3.«Екатеринбург-Алматы» 1 426-1 446 км, Теміртау ААП–Теміртау қ. – 20 км.

Қостанай облысында – бір учаске

1.«Жезқазған-Петропавловск» 253-335 км, Ұлытау обл. шек.–Арқалық қ. – 82км.

Қызылорда облысында – бір учаске

  1. «Самара-Шымкент» 1 240-1 657 км, Ақтөбе обл. шек.-Жосалы а. – 417км.

Солтүстік Қазақстан облысында – бір учаске

1.«Булаево-Возвышенка-Мологвардейское-Кирово-Қиялы-Рощинское» 65-194 км, Возвышенка а.-Қиялы а. – 129 км.

Қазір республикалық маңызы бар автожолдарды күтіп-ұстауға 706 бірлік техника және 1 355 жолшы жұмылдырылды.