Сегіз облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 31 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Қар аралас жаңбыр, көктайғаққа байланысты сегіз облыстағы 31 жол бөлігі:
- Ақмола облысы – 14 учаске,
- Жамбыл облысында – бір учаске,
- Жетісу облысында – бір учаске,
- Қарағанды облысында – үш учаске,
- Қостанай облысында – бес учаске,
- Солтүстік Қазақстан облысында – бес учаске,
- Түркістан облысында – бір учаске,
- Ұлытау облысында – бір учаске де көліктің барлық түрлеріне шектеу енгізілді.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 407 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.
