Алматы ТЖД: тауға барудан бас тартқан дұрыс

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті Қазгидрометтің №5 дауылды ескерту негізінде 5-7 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейнінде қар көшкіні болуы мүмкін екенін хабарлайды.

Осыған байланысты қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды, мүмкіндік болса тауларға барудан бас тартқан дұрыс, — делінген хабарламада.