Метеорологтар мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанда ауа райында айтарлықтай өзгеріс болмайды. Республиканың батысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына жоғары атмосфералық қысым өрісі ықпал етеді, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстанның қалған аумағына бұрынғыша атмосфералық фронталь бөліктер ықпал етеді: қар жауып, жел күшейеді.
Температура фоны күрт өзгермеуі мүмкін, бірақ республиканың оңтүстігінде ауа температурасының күндіз 2 градус аяздан — 3 градус жылыға дейін, солтүстік және таулы аудандарда 5 градус аяздан 5-10 градус жылуға дейін, елдің оңтүстік-шығысында 2 градус аяздан — 3 градус жылыға дейін біртіндеп көтерілуі болжанып отыр, — делінген хабарламада.
