Шахтадан денесі табылған ер адамды тоқ соққан болуы мүмкін

6 қарашада Шахтинск қаласында «Қазақстан» және Ленин атындағы шахталар арасындағы трансформатор стендінің жанында 24 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл факт полицияда тіркелген. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады, — делінген хабарламада.

Алдын ала болжам бойынша, марқұм жоғары тоқ кернеуінен қаза болған. Өлімнің нақты себебі сот-медицина сараптамасынан соң дәлірек белгілі болады.

Айта кетейік, бұған дейін «Қазақстан» шахтасының аумағында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаменті бөлімшесі қызметкерінің денесі табылғаны хабарланған болатын.