Апта басында Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклон жотасы ықпалында болады.
20 шілдеден бастап — солтүстік-батыс циклон жырасының және атмосфералық фронталь бөліктердің ықпалында болады. Осыған байланысты еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді, — делінген хабарламада.
