Жамбыл облысындағы әскери бөлім аумағында сақталған оқ-дәрілер ШҚО-ға жеткізіледі

Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов мәлімдеді.

Толық бағдарлама қабылданды, соған сәйкес құрылыс жүріп жатыр. Бұл мәселемен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі айналысады. Менің ойымша, жұмыс кешенді түрде жүргізіледі. Үкімет тарапынан комиссия жұмыс істейді, оны вице-премьер басқарады. Жаңа қоймалар салынып, оларға оқ-дәрілер жеткізіледі, — деді Дарын Тұяқов.

Журналистер министр орынбасарынан Тараз маңындағы әскери бөлім оқ-дәрілері, оның ішінде Арыстағы әскери қоймадағы жарылыстардан кейінгі оқ-дәрілер қайда жеткізілуі мүмкін екенін сұрады.

Оған арнайы дайындалған орындар бар. Қазір сізге толық жауап бермеймін. (…) Әртүрлі қоймаларға жеткізіледі. Мысалы, Аягөз, немесе басқа. Бірнеше қойма бар. Нақты қанша, қайда екеніне жауап бермеймін, — деді ол.

Еске салайық, 2019 жылы маусымда Арыстағы әскери бөлімнің қоймасында бірнеше жарылыс болған еді.

Ал биыл 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Кейін әскери қоймаларда не сақталғаны белгілі болды. Жарылыстан жалпы саны 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алған еді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да